Астана полицейлері Peugeot мінді

23 Маусым 2014, 16:12
0
Астана полицейлері Peugeot мінді - ©Астана қаласы ІДД баспасөз қызметі
©Астана қаласы ІДД баспасөз қызметі
Астана полицейлері Peugeot мінді - ©Астана қаласы ІДД баспасөз қызметі
©Астана қаласы ІДД баспасөз қызметі

Астана полицейлері Peugeot мінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана ішкі істер департаментінің жол-патруль полициясы полкының автопаркі Peugeot маркалы ыңғайлы автокөліктермен толықты. Жаңа автокөліктер двигателінің көлемі - 1,6 литр, қала көлемінде 100 шақырымға 8 л шығындайды. Автокөліктер солтүстік өңірлердің климатына бейімделді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Астана қалалық ішкі істер департаментінде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара болды. Департамент жетекшісі, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

"Қоғамдық тәртіпті күзету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және Астана аумағында қылмыспен күресу жөнінен бізге үлкен жауапкершілік жүктелген", - деді Әубәкіров. Кәсіби мереке күні "Қазақ елі" алаңында астаналық полицейлерге жаңа көліктің кілттері салтанатты жағдайда табыс етілді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай