Астана полицейлері балаларымен бірге терезеден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент
viewings icon 1280 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әйел балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған. Елордалық тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әйел балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған. Елордалық тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқанын естіген автопатруль оқиға орнына аттанды.

Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті. Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын. 9-шы қабатқа көтерілген полицейлер үлкен баланың әкесімен бірге тұрғанын көрген. Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіретінін айтып айқайлаған.

Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын өтініп жатқанда, екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, сосын пәтерге кіріп, байқамай жақындап, бір қолымен баланың қолынан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізген.

"24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйел балаларымен бірге Астана қаласының дағдарыс орталығына орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro