10 ақпан 2017 | 12:03

Астана полицейлері мүгедектер тұрағына қойылған патрульдік көліктің суретінен ережебұзушылық таппады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Астана полицейлері мүгедектерге арналған тұраққа қойылған патруль көлігі бейнеленген суретте ережебұзушылықтарды анықтамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана полицейлері мүгедектерге арналған тұраққа қойылған патруль көлігі бейнеленген суретте ережебұзушылықтарды анықтамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік көлік мүгедектерге арналған тұрақтан 3,40 метр қашықтықта тұр. Соған байланысты ешқандай да ереже бұзушылық анықталмаған.

Мүгедектерге арналған тұрақтың маңында тұрған патрульдік көлік түсірілген сурет бойынша құқық қорғау органдары оқиға орнына барды. Оқиға орнында мүгедектерге арналған тұрақтың белгісі (7.17 "Мүгедектер") тұрды. Тексеріс барысында жол белгісі тұрған жер мен патруль көлігі тұрған аумақ арасындағы қашықтық өлшеніп, патруль көлігінің мүгедектерге арналған тұрақтан 3,40 метр қашықтықта тұрғаны анықталды. Осыған байланысты ешқандай жол ережесін бұзу дерегі анықталмады", - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Tengrinews.kz редакциясына оқырмандардың бірі 8 ақпанда Астанадағы Тархан көшесінде түсірілген суретті жолдаған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети