Астана полицейлері Peugeot мінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астана ішкі істер департаментінің жол-патруль полициясы полкының автопаркі Peugeot маркалы ыңғайлы автокөліктермен толықты. Жаңа автокөліктер двигателінің көлемі - 1,6 литр, қала көлемінде 100 шақырымға 8 л шығындайды. Автокөліктер солтүстік өңірлердің климатына бейімделді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Астана қалалық ішкі істер департаментінде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара болды. Департамент жетекшісі, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
"Қоғамдық тәртіпті күзету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және Астана аумағында қылмыспен күресу жөнінен бізге үлкен жауапкершілік жүктелген", - деді Әубәкіров. Кәсіби мереке күні "Қазақ елі" алаңында астаналық полицейлерге жаңа көліктің кілттері салтанатты жағдайда табыс етілді.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00