Астана прокурорлары жаңашылдық енгізіп, полицейлерді психологиялық тұрақтылыққа үйретіп, филология мен лингвистиканы оқытпақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл тәжірибені қадағалау органы Нью-Йорктің тәртіп сақшыларынан үлгі етіп алған.
Астана прокурорлары жаңашылдық енгізіп, полицейлерді психологиялық тұрақтылыққа үйретіп, филология мен лингвистиканы оқытпақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл тәжірибені қадағалау органы Нью-Йорктің тәртіп сақшыларынан үлгі етіп алған.
Астана прокуратурасы ТМД елдері аумағында алғаш рет "Қоғамдағы құқықтық тәртіп" атты жаңашылдық енгізіп отыр. Бұл жоба азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында құрылды.
"Бұл мәселе тәжірибелі және қолданбалы түрде зерттелді. Кез келген бағытқа жарамды келетін жағдайлар ойластырылды. Бүгінде патрульдерді тиімді орналастыру кезінде жүйе жасалған қылмыс пен өзге де көптеген деректерді статистикалық тұрғыда есепке алады. Сонымен бірге бақылаусыз бағыттар мен аймақтар анықталды. Бұл жерлерді жаңа бағыттар арқылы қамту қылмыс деңгейін 15 пайызға азайтуға септеседі", - делінген ведомство хабарламасында.
Прокурорлар құқық қорғау органы қызметкерлері мен азаматтар арасында серіктестік қатынастар құру үшін полицейлердің кәсіби мәдениеті мен психологиялық тұрақтылығын арттыру бойынша бірегей, интерактивті оқу бағдарламасын даярланғанын айтады. Бұл бағдарламаға полицейлерді психологиялық тұрақтылықты үйрету, филология мен лингвистиканы оқыту енгізілген. Бұл тәжірибе Нью-Йорк полициясында сәтті өткенін айтады прокурорлар.
Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының "Ұрлыққа жол жоқ" жобасын іске асыру аясында астаналық прокурорлар ұрлықты азайтуға бағытталған біршама жұмыс жүргізгені айтылды. Осы шаралар нәтижесінде қала бойынша ұрлық саны үш пайызға азайған.