Астана полициясы ер адамды "ұрлағандардың" видеосына қатысты жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полициясы ер адамды "ұрлағандардың" видеосына қатысты жауап берді видео кадры

Әлеуметтік желіде Астанада "ер адамды ұрлап бара жатқандар" көрсетілген видео тарады. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Астанада "ер адамды ұрлап бара жатқандар" көрсетілген видео тарады. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода екі ер адамның үшіншісін жетектеп, сүйреп бара жатқаны көрінеді. Ол өзін күштеп ұстағандармен қарсыласуға тырысады, бірақ бұдан түк шықпайды. Кейін ер адамды жақын жерде тұрған көліктің артқы орындығына отырғызып, кетіп қалады.

Желі қолданушылары куәгерлер адамды ұрлау сәтін видеоға түсіріп алған деген болжам жасаған. Алайда, Астана Полиция департаменті бұл нұсқаны жоққа шығарды.

"Аталған факт бойынша адамдар анықталды, тексеру жүргізіліп жатыр. Адам ұрлау дерегі расталған жоқ. Астана Полиция департаменті жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерге сенуге шақырады", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети