Астана полициясы жол ережесін бұзғаны үшін хаттаманың алдағы мерзіммен толтырылғанын байқаған "Қазақстан автомобилистер одағының" төрағасы Теміржан Құсайыновтың шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана полициясы жол ережесін бұзғаны үшін хаттаманың алдағы мерзіммен толтырылғанын байқаған "Қазақстан автомобилистер одағының" төрағасы Теміржан Құсайыновтың шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакциямызға Теміржан Құсайынов хабарласып, оған 29 қараша күні 30 қарашада болған жол ережесін бұзу оқиғасына қатысты хаттама толтырылғанын айтты. Ол полиция тарапынан көрсетілген мұндай ықыластың автомобилистер одағындағы белсенділігімен байланысты екенін мәлімдеді.
"Бірнеше ай ішінде біз Қазақстан бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған 100-ден аса полиция қызметкерін жазаға тарттық. (...) Менің ойымша, енді мені "тұзаққа түсірмекші". ЖБО қызметкерлері бір күн бойы көлігімнің ізіне түсті, төрт жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Маған хаттама толтырды", - деді Құсайынов. Сонымен қатар, ол редакцияға полицияның кейбір қызметкерлеріне айыппұл салынғанын растайтын құжаттар мен өзіне толтырылған хаттаманың суретін жіберді. Төрт құжаттың біреуі:
Астана полициясы болса Құсайыновтың тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзу әрекетінің болғанын хабарлады.
"29 қарашада ЖПП полкінің қызметкері Дүзелбаев Құсайыновтың жүргізушісінің үстінен 4 әкімшілік өндіріс қозғады: автомобиль терезесінен қоқыс лақтыру; оңтайландыру ережесін бұзу; транспорттық көлікті басқару кезінде ұялы телефон қолдану және қауіпсіздік белдігін тақпау", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Полиция жол ережесінің төрт рет бұзылғаны бейнеленген видеолардың біреуін ұсынды (оңтайландыру ережесін бұзу):
Сонымен қатар, полиция хаттамада мерзімнің дұрыс көрсетілмеуінің де себебін түсіндірді. "Тексеру тағайындалды, әкімшілік хаттама толтыру кезінде инспектор Дүзелбаев алаңғасарлығы кесірінен құжатта мерзім көрсеткен кезде қателік жіберген. Осыған байланысты оған қатаң ескерту жасалды. Көрсетілген мерзім өзгертілді. Астана ІІД ЖБО-ның бейнебақылау камерасына түсірілген видео әкімшілік өндірістің материалына қосылды", - деді полиция өкілі.