Астана полициясы жол қозғалысы ережесін бақылайтын жаңа жүйенің елорда көшелерінде қашан пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана полициясы жол қозғалысы ережесін бақылайтын жаңа жүйенің елорда көшелерінде қашан пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде жылдамдық пен стоп-сызықты бақылайтын жаңа жүйенің жұмысы көрсетілген видео пайда болған еді. Автордың айтуынша, жаңа жүйе сынақ тәртіпте жұмыс істеп тұр.
Сөйтсек, бұл видеоны 30 қарашада "Астана Innovations" АҚ Astex Smart Astana көрмесінде таныстырыпты. Бұл қауіпсіздік шараларын күшейтудегі кешенді жүйенің бір бөлігі екен. Ендігіде жол қозғалысы ережесіндегі ережебұзушылықтарды жаңа радарлар анықтайтын болады. Бұл қондырғы жеке инвестордың, Астана әкімдігінің, "Astana" ӘКК-нің және ІІД-нің қолдауымен жасалған.
"Бұл сынақ жобасы, толығымен жеке инвестордың қаржыландыруымен іске асады. Бұл жол-көлік оқиғасының алдын алу және сапалы сараптама жасай алатын қондырғы болмақ. Сонымен қатар, ол Bus Lane, стоп-сызық, жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншіге жол бермеу сияқты ережебұзушылықтарды анықтайтын болады", - деді Астана қаласы ІІД-нің жергілікті полиция қызметі.
Сонымен қатар, бұл камералар бейнебақылау қондырғылары адамдардың көп шоғырланған жерлерінде орнатылмақ, олар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
"Астана әкімдігі мен ІІД түрлі жаңа фотовидеобақылау жүйелерін тексерістен өткізіп жатыр. Жоба EXPO көрмесіне дейін аяқталып, Астана қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Камералардың болу-болмауына қарамастан, біз жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ұсынамыз", - дейді жергілікті полиция қызметінің өкілдері.