04 қыркүйек 2023 | 11:10

Астана полициясы вандализм үшін жауапкершілікке тартылатынын еске салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Астана полициясы қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып, вандализм үшін қатаң жауапкершілікті еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтіне жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана полициясы қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып, вандализм үшін қатаң жауапкершілікті еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтіне жасап.

Агрессия заң мен тәртіпті бұзып қана қоймай, айналадағыларға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, 16 тамызда түнде Астана тұрғыны ғимаратттың бірінен шығып, құны жарты миллион теңгеден асатын есікті сындырды. Ер адамның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Оның тапсырмасы бойынша биыл вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүліктің бүлінуі үшін жауапкершілік күшейтілді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелерін күн сайын 2500-ден астам полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күзетеді. Қоғам қайраткерлері және еріктілермен бірлесіп, тұрақты негізде "Тоқта, вандал!” акциясы өткізіледі.

“Нөлдік төзімділік" қағидаты бойынша қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, адамды қорлағаны, ғимараттар мен өзге де нысандарды бүлдіргені және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік - 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Еске сала кетейік, Президент Тоқаев еліміздегі арандатушылық пен вандализм туралы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған барлық арандатушылықтардың жолын кесу керек екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети