Астана қалалық МКД ЭТҚ офицерінің ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қалалық МКД ЭТҚ офицерінің ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды Видеодан алынған кадр

Астана қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Жалғасы

Ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасында офицердің ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды.

"11 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері пара алды деген күдікпен Астана қалалық МКД Экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісін әшкереледі. Күдікті 5 мың доллар көлемінде заңсыз сыйақы алып жатқан жерінен ұсталған. Ол бұған дейін ЖШС басшысымен оған қатысты ақша жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстың тергеуді тоқтату үшін 15 мың долларға келіскен", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, ұсталған офицердің кінәсін толық мойындағаны айтылады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети