"Астана-РЭК" мамандары электр желісіндегі апаттың салдарын жойып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана-РЭК" мамандары электр желісіндегі апаттың салдарын жойып жатыр © Тұрар Қазанғапов

"Астана-РЭК" АҚ мәліметінше, 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:53-те екі тұрғын үй кешенін ("Итальянский квартал" және "Городской романс") электр энергиясымен қамтамасыз ететін 187 үлестіру пунктіне қуат жеткізетін екі жоғары вольтты кабель істен шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. Апатқа қысқа тұйықталу себеп болған.

Қазіргі кезде мамандар апат салдарын жойып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Желінің осы бөлігінде кабельдер жиі ұрланатындықтан кабельдің бүлінген бөлігін анықтау мүмкін болмай отыр. Бүгінде аталған энергия шаруашылығы және ҮП-187 қалалық желілердің балансында жоқ. Нысандардың иесі - "БазисИнвестСтрой" компаниясы. Кабель желісінің ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды.

"Астана-РЭК" мамандары тұрғын үй кешендерінің жалпы қажеттіліктері үшін жедел түрде дизельдік генераторлар орнатты. Мұнымен қоса, тиісті қызметтер апатты жою бойынша барлық шараларды қабылдауда. Осы мақсатта барлық жеке құрам мен техника, жабдықтар тартылған. Қазіргі кезде жұмыстар жалғасып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети