Астана сәулетшісі. "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана сәулетшісі. "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасы

Chevrolet мен Tengrinews бірге бастаған "Республика мақтанышы" жобасының үшінші шығарылымында еліміздің бас қаласы туралы, дәлірек айтсақ, оны қалай және кім жасағаны туралы айтамыз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған "Республика мақтанышы" жобасы - Қазақстанның бірегей жерлері және олармен байланысты адамдар туралы шағын танымдық деректі фильмдер топтамасы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбеков үшін елорда тарихы 1994 жылдан басталады. "Ас үйде отырып, кенет Президенттің даусын естідім, ол Ақмола, Целиноград туралы айтып жатты. Кейінірек бұл оның Жоғарғы Кеңестің тарихи пленумында астананы Ақмолаға көшіру туралы сөзі екенін түсіндім", - деп еске түсірді ол.

1995 жылы ол әріптестерімен бірге алғашқы эскиз жасап, жаңа елорда туралы өз көрқарасын көрсеткен. Президентке жоба ұнап, ол республикалық, халықаралық байқау өткізуді тапсырған. Бұған дүниежүзіне танымал жапон сәулетшісі Кисе Курокава да қатысқан. "Сол кезде қаланың бас жоспары бойынша бірге жұмыс істей бастадық. Қала бүгінде сол жоспар бойынша дамып жатыр", - дейді Серік Рустамбеков.

Сәулетшінің кейінгі ең ірі жобасының бірі - Есіл өзенінің арнасын қайта құру. Оның қала шекарасындағы ұзындығы 37 шақырым екенін көп адам біле бермейді. Сонымен қатар, қайта құру жағалауларды әдемі қылу үшін жасалған жоқ, ол маңызды инженерлік функцияны орындайды. Астана құрылысының осы және өзге де құпиялары туралы "Chevrolet-мен бірге республика мақтанышына" жобасының үшінші бөлімінен біле аласыз.

Ал бұл Мақтанышқа баратын - ыңғайлы жеті орынды, толық өлшемді Chevrolet Traverse кроссовері.

Chevrolet Traverse үлкен сыйымды қалалық паркетник жайлылығын және жол талғамайтын жағдайлардан өту үшін қосалқы функцияларды біріктіреді. Бұл бүкіл отбасы үшін тамаша кроссовер.

Еске салайық, "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасының әр бөлімінде ел мақтанышы саналатын ең көрікті жерлер мен нысандар баяндалады. Ал әр нысанға еліміздегі танымал Chevrolet автомобиль брендінің модельдерінің бірі барады. Алғашқы шығарылым сәулет өнерінің жауһары - Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналды. Ал екінші шығарылымда Асы-Түрген обсерваториясы туралы айтылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети