Астана саябағындағы жылытылатын бассейн 2016 жылы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана саябағындағы жылытылатын бассейн 2016 жылы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана коммуналдық шаруашылық басқармасы ашық бассейндер кешенін салу қалалық саябақты қайта салу жоспары аясында жүргізілетінін хабарлады. Құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі уақытта аяқталды. Дегенмен оны мемлекеттік комиссия актіге қол қойғаннан кейін ғана пайдалануға беруге болады. "Кешен 2016 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілуі мүмкін", - деді басқарма өкілдері.
Бұған дейін Астанада жылытылатын бассейннің салынатыны хабарланған болатын. "Саябақта жылытылатын бассейн де салынады. Олар үздіксіз жұмыс істейтін болады", - деді 2014 жылдың тамызында сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арсений Пирожков.
© Борис Оленев/Facebook.com