Астана-Щучинск тасжолында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана-Щучинск тасжолында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеледі Фото:depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі кезекті рет жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі кезекті рет жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Ауа райының өзгеруі жолдағы қауіпсіздікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан белгіленген нормалар мен қағидаларды сақтау өте маңызды. Қаңтардың өзінде ірі жол апаттары тіркелді. Негізгі себеп – көріну мүмкіндігінің төмендеуі кезінде қауіпсіз жылдамдықты сақтамау. Сондықтан азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін көлік ағыны көп жол учаскелерінде жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Астана – Щучинск және Астана – Қарағанды бағыттары бойынша 3.24 "Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу" жол белгілері қойылды. Олар нашар көріну, көктайғақ немесе басқа да ауа райы факторлары жағдайында ғана қосылады. Көктайғақ, боран, тұман немесе жалпы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы хабарламадан кейін бұзушылықтарды тіркеу камераларының параметрлері көрсетілген жылдамдыққа өзгертіледі", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ауа райының нашарлауы туралы ескертулерде, сондай-ақ "Яндекс", "2GIS", "Indrive" және басқа да қосымшаларда енгізілген жылдамдық шегі туралы ақпарат көрсетіледі.

Жолдарды ашу кезінде шектеулер алынып тасталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети