Астана шенеуніктеріне EXPO-2017 көрмесіне келетін қонақтар мен туристерді іздеу тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана шенеуніктеріне EXPO-2017 көрмесіне келетін қонақтар мен туристерді іздеу тапсырылды © astana.gov.kz

Астана шенеуніктеріне EXPO-2017 көрмесіне келетін қонақтар мен туристерді іздеу туралы тапсырма берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысын өткізіп, елордада өтетін халықаралық көрменің дайындығы туралы талқылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана шенеуніктеріне EXPO-2017 көрмесіне келетін қонақтар мен туристерді іздеу туралы тапсырма берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысын өткізіп, елордада өтетін халықаралық көрменің дайындығы туралы талқылады.

Қала басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне туристер мен қонақтарды тарту жұмыстарына баса назар аударды, сонымен қатар, осы бағытта "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы мен қалалық құрылымдар арасында тығыз қарым-қатынас орнатылуы керек екенін айтты. Әкім Қытай, Ресей секілді мемлекеттердің шекаралас қалаларымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюды да сөз етті.

"Қазір біз үшін келушілерді тарту - басты міндетіміз. "Қалалар дипломатиясы" каналдарын тиімді пайдалану қажет, әсіресе, ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясы желісі бойынша", - деді Жақсыбеков.

Сонымен қатар, әкім елорда күнін мерекелеуге атсалысқан барлық құрылымдардың жоғары деңгейлі және бірлескен жұмыстарына оң бағасын берді.

Жалпы, Астана қаласында 80 мерекелік іс-шара өтіп, оған 700 мыңнан аса қонақ қатысты. Мерекелік шаралар жөнінде баяндау үшін 700-ден астам отандық және шетелдік БАҚ өкілі аккредитацияланды. "Елорданың мерекелік безендірілуіне ерекше тоқталып өтпекпін. Әлеуметтік желілерде тұрғындардың қаланың келбетіне оң бағасын бергенін байқауға болады. Түрлі мерекелік мүсіндердің жанында түскен суреттер жарияланып жатыр. "Ел жүрегі - Астана!", I Love Astana секілді бренд мүсіндер үлкен резонансқа ие болды", - деді әкім.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети