08 ақпан 2017 | 17:41

Астана шекарасы Ұлттық пантеон мен әуежай аумағын кеңейтуге байланысты өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© imgator.ru © imgator.ru

Астананың Жер қатынастары басқармасының басшысы қаланың шекарасын өзгерту туралы шешімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың Жер қатынастары басқармасының басшысы қаланың шекарасын өзгерту туралы шешімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма басшысы қосылған аумақтың қандайда бір елді мекендерге байланысты еместігін айтады.

"Аталған жерлерді қосу Халықаралық әуежай аумағын кеңейтуге байланысты. Бірінші кезекте оның күзетілетін аумағы мен ұшу-қону алаңын ұлғайтуға. ТЖ бойынша қауіптер де бар. Осы аумақтарда көкетм мен күз айлары су көтерілу қаупі бар. Соныдқтан жедел шаралар қолдану керек", - деп түсіндірді басқарма басшысы Назымбек Кенжебаев.

Қосылған аумақтың жалпы көлемі Майбұлақ көлі маңындағы 7 300 гектар жер. Ол әуежай қажеттілігіне қолданылады.

"Сонымен бірге, Ұлтық пантеонға 959 гектар, қалалық жаңа зират құрылысына 460 гектар (96 разъез бен Астана-Көкшетау" тасжолының аралығы). Қала тұрғындары қазіргі зиратта орын жоғын, ол консервацияланатынан хабардар", - дейді Кенжебаев.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Астанадағы кейбір елді мекендер біріктірілетіні жайлы тараған ақпаратқа қатысты да түсіндірме берді.

"Жарлыққа қол қойлығаннан кейін Астанаға Қабанбай батыр, Талапкер аудандық округінің аумақтары қосылады деген ақпарат пайда болды. Бұл дұрыс ақпар емес. Қосылған аумақтардың еркін екенін, елді мекендердің Астанаға қосылмайтынын ресми түрде айтқым келеді", - деп атап өтті ол. 

7 ақпанада Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы шегарасын өзгерту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Аталған Жарлық Президенттің сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар  Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып  өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп хабарлаған еді Ақорданың ресми сайты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети