15 сәуір 2014 | 18:36

Астана-Шымкент бағытында жаңа жүрдек пойыз қатынайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Қазақстанда Астана-Шымкент бағытында жаңа жүрдек пойыз қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Астана-Шымкент бағытында жаңа жүрдек пойыз қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2014 жылдың 2 маусымынан бастап Астана-Шымкент бағытына қатынайтын №79/80 жаңа жолаушылар пойызын жүргізе бастайтынын хабарлады. Ол "Тұлпар-Талго" ЖШС вагондарынан құрылды", - дейді ұлттық тасымалдау компаниясының баспасөз қызметі.

Астана-Шымкент бағытындағы пойыз 22 вагоннан құрылған. Оның ішінде үш вагон - "Бизнес" класс, тағу үшеуі - "Гранд", 12 - "Турист", 1 - вагон-ресторан, 1 - вагон бар (шағын мейрамхана) және 2 техникалық вагон. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері билеттің құны, пойыздың жүріс жолы және аялдамалардың саны қосымша хабарланатын болады.

Сонымен бірге аталмыш компанияның баспасөз қызметі №345/346 Қарағанды-Омск және №83/84 Қарағанды-Мәскеу бағытында қатынайтын пойыздардың жүрісінде аз ғана мерзімдік өзгеріс болғанын хабарлады. Бұл осы бағытта қатынайтын жолаушылар сұранысының жоғарылығына байланысты өзгертілді. Пойыздардың жаңа жүру кестесі осы жылдың аяғына дейін бекітілген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын "Қазақстан темір жолы" АҚ билеттерді онлайн-сату және жолаушылардың пойызға отыруына қатысты электронды тіркелудің жеңілдетілген нұсқасын енгізген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети