Астана соты әйелдерге қатысты пікір үшін Рүстем Жүгінісовке айыппұл салды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана соты әйелдерге қатысты пікір үшін Рүстем Жүгінісовке айыппұл салды видео кадры

Астанада сот блогер және бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісовті кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сот блогер және бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісовті кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату) бойынша жауапкершілікке тартылды.

"Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Рүстем Жүгінісов ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 78 640 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін ол Ақтөбе мешітінде болған оқиғаны талқылап, сынға қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети