Астана студенттері ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарды WhatsApp арқылы бере алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана студенттері ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарды WhatsApp арқылы бере алады © 24.kz

Астанада жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы WhatsApp мессенджері арқылы хабар беруге болады, - деп хабарлайды 24.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы WhatsApp мессенджері арқылы хабар беруге болады, - деп хабарлайды 24.kz

"Жаңа оқу жылынан бастап "WhatsApp бойынша бірыңғай номер" жобасын жүзеге асырамыз. Бұл арқылы әрбір студент, әрбір оқытушы шағымдарын жолдай алады. Жоба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сай жүргізіледі", - деді Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков.

Телеарнаның мәліметінше, сауалнама барысында елордадағы әрбір төртінші студент оқытушыларға пара беруге дайын екені, сонымен қатар студенттердің 11 пайызы университеттеріндегі жемқорлық дерегі туралы білетіні анықталды. Студенттердің 29 пайызы оқытушылардың бұған өздері итермелейтіндерін айтқан. 

Бұған дейін WhatsApp мессенджері арқылы шағым қабылдауды Мемлекеттік кірістер департаменті, Алматы ІІД, сонымен қатар, Қостанай облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті де іске қосты.

 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети