"Астана су арнасы" басшысы мен қызметкерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана су арнасы" басшысы мен қызметкерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнулқабден өзінің жалақысы мен қызметкерлерінің жалақы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнулқабден өзінің жалақысы мен қызметкерлерінің жалақы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпорында жұмыс істейтін техниктер, оның айтуынша, шамамен 180 мың теңге алады, бұл кәсіпорындағы ең төменгі жалақы.

"Екі тәулік сайын ауысып жұмыс істейтін машинистер 200 мың теңгеге жуық ақша алады. Темір ұсталары - 220-230 мың теңге, қайта өңдеу жұмыстары болған кезде көбірек ақша алады. Бүгінде менің жалақым 725 мың теңге болады. ИТҚ (инженерлік-техникалық қызметкер – еск.) 400 мың теңгеден аса алады", - деді Зейнулқабден су тарифтерін көтеруге арналған қоғамдық тыңдау барысында.

Ол "Астана су арнасы" қызметкерлерінің орташа жалақысы 308 мың теңге екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети