Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр. Кешенді тазарту жұмысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен "Қазсушардың" Ақмола облысындағы филиалы жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр. Кешенді тазарту жұмысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен "Қазсушардың" Ақмола облысындағы филиалы жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Бұл жұмыстар қазанның аяғына дейін жалғасып, жыл сайын 13 жыл бойы жүргізіледі.

"Нәтижесінде Астана су қоймасының сыйымдылығы 47 миллион текше метрге артады. Нысан көбірек су жинап, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

"Президенттің тапсырмасын орындау үшін арнайы мамандар тобы құрылды. Барлық қызметкер арнайы техникамен жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан және дайындықтан өтті. Астана су қоймасы - елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық нысан. Заманауи техниканың арқасында біз бұл су қоймасын жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартып, жұмысты жақсы әрі тиімді атқара аламыз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети