24 мамыр 2016 15:10

Астана тұрғындары жер алу үшін әкімдік алдына кезекке тұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындары жер алу үшін әкімдік алдына кезекке тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана тұрғындары жер алу үшін әкімдік алдына кезекке тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Адамдар тізім жасап, бір-бірін сол тізімге жазып жатыр. Бұл жағдай "Сарыарқа" ауданының әкімдігі ғимаратының алдында болып жатыр. Қазіргі уақытта қалалықтардың өтініші қабылданып жатқан жоқ, себебі әкімдікте түскі үзіліс басталып кеткен.

"Кеше менің анам адамдардың құжат тапсырып жатқанын көрді. Таңертең мен келіп, құжат тапсырғым келді. Жерге мұқтажбын, пәтерім жоқ, үш балам бар. Жасым 39-ға келді. Ата-анаммен тұрамын. Сондықтан өтініш беруге келдім", - дейді Астана тұрғыны Әлия Таукенова әкімдіктегілердің өтінішті жұмаға дейін қабылдайтынын айтып. 

Кейбір адамдар өз номерлерін қолдарына жазып алыпты.

Тағы бір тұрғынның айтуынша, таңғы сағат 08.30-да келген ол кезекте 237-ші болып тіркеліпті. "Міне, әлі тұрмыз. Қазір түскі ас. Өтініштер тек 17.00-де қабылданатын көрінеді", - дейді әйел. 

Қалалықтар жер алу үшін өтінішпен қатар куәлігінің көшірмесін де беруі тиіс екен. "Мына жерде ер адам тұр, адамдар оны тізім жасасын деп тағайындап қойды", - дейді тұрғындардың бірі.  

Айта кетейік, тұрғындардың кейбіреуі жағдайды көріп, үйлеріне қайтып кетіп жатыр.  

"Жер алу үшін адамдар мұнда қонуға да дайын. Мен шамамен 11.00-де келдім. Кезекте 1206-шы болып тұрмын, маған дейін тек 200 адам кірді. Тағы мың адамды күтуім керек. Екінші топтағы мүгедекпін. Балалары бар адамдар да бар, қарттар да, жүктілер де бар. Ретсіз!", - дейді өзін Арман деп таныстырған тағы бір тұрғын. Сонымен қатар, ол жер алуға өтініш жасап, ала алмағанын атап өтті. Бүгін ер адам тағы да кезекке тұрыпты. 

 Аудан әкімдігінің ғимаратына кіреберісте ілінген хабарландыруда былай деп жазылған: "Астанада жер учаскелерін алуға кезекте 103 мың 656 адам тұр, олардың 1955-інің жеңілдігі бар".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети