Астана тұрғындары “Отбасы банк“ бөлімшелерінде дүрбелең туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындары “Отбасы банк“ бөлімшелерінде дүрбелең туғызды Әлеуметтік желілерден

Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Отбасы банк" бөлімшелерінде ұзын-сонар кезек күтіп тұрған адамдардың суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Отбасы банк" бөлімшелерінде ұзын-сонар кезек күтіп тұрған адамдардың суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банк клиенттері алдымен есіктің алдында күткен, кейін қаржы ұйымының ғимаратын толтырған.

Отбасы банктің Tengrinews.kz тілшісіне түсіндіруі бойынша, адамдардың көп жиналуына мемлекеттік сыйлықақы есептелгеннен кейін операциялардың қайта басталуы себеп болған.

"Отбасы банк" мәліметінше, 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім шарттарын өзгертуге байланысты операциялар уақытша тоқтатылған. Бұл салымшылардың шоттарына жыл сайын түсетін мемлекеттік сыйақыны дұрыс есептеу үшін қажет болған.

Сурет әлеуметтік желілерден алынған

"Яғни, клиенттер өз депозиттерін біріктіру, бөлу, тарифтік бағдарламаны өзгерту немесе өзге де операцияларды орындай алмаған. Өткен демалыс күндері салымшылардың шоттарына мемлекеттік сыйақы түсті, енді олар "Отбасы банк" бөлімшелеріне келіп, "Отбасылық пакет" аясында депозиттерін біріктіруге, депозитті басқа адамға беруге немесе баспана сатып алу үшін несие алуға өтініш беріп жатыр", – деп түсіндірді банк.

Сонымен қатар, банкте мемлекеттік сыйақы аударылғанға дейінгі кезеңде постдепозиттік операциялардың уақытша тоқтатылуы жыл сайын орындалатынын атап өтті. Бұл туралы банк өз клиенттерін ресми сайтында алдын ала хабардар етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети