Астана тұрғындарына көшеге шықпау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындарына көшеге шықпау ұсынылды Фото ©️ Tengrinews.kz

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті елорда тұрғындарын көшеге орынсыз шықпауды сұрап үндеу тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті елорда тұрғындарын көшеге орынсыз шықпауды сұрап үндеу тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанадағы Қорғалжын тасжолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жол арасындағы қураған ағаштың жанып кетуіне байланысты түтін мен өртенген иіс байқалып жатыр. Осыған байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын орынсыз көшеге шықпауға шақырады. Пәтерлерде терезелерді жауып, көшеде бетперде киіп жүруді ескертеді. Бұл ұсыныстар бірінші кезекте тыныс алу жолдары аурулары бар адамдарға қатысты", - делінген хабарламада.

Өртсөндірушілер 15 гектар аумақтағы өртті сөндіруге жұмыс істеп жатқаны айтылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жол арасында қураған ағаштың жанып жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала 15 гектар аумақта өртті ауыздықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осыған дейін Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде желдің салдарынан мұнаралы кран құлағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети