Астана қаласының ТЖ департаменті тұрғындарды 30 мамырда Елордада жылдамдығы секундына 15-20 метр күшті жел соғатынын ескертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының ТЖ департаменті тұрғындарды 30 мамырда Елордада жылдамдығы секундына 15-20 метр күшті жел соғатынын ескертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жел соғады деп күтіледі. Күн райының бұзылуына байланысты ведомство мамандары тұрғындарды бірқатар сақтық шараларын ұстануға шақырады. Екпіні күшті жел соққанда үйдегі немесе пәтердегі терезерлерді мықтап жабу керек. Тереземен қоршалмаған, ашық балкондар мен лоджияларда қатты желден сыртқа ұшатын барлық заттарды алып тастау қажет екенін айтады ТЖ өкілдері.
Сонымен қатар, мамандар тұрғындар мен қала қонақтарына жел көтерілгенде далада жарнама құрылғылары мен өзге де ілінетін конструкциялардан, электр желілелерінен, ағаштардан алыс тұруға кеңес береді. Қайғылы жағдайға душар бомас үшін барынша сақ болуға шақырады. Үзілген сымдарға,теңселіп тұрған ағаштардан алыс қашықтықта болу қажет.
Күшті жел соққанда қала тұрғындары жақын маңдағы ғимараттарды паналауы қажет (бұл - дүкен, кітапхана, сауда үйі, үй подъезі, кинотеатр болуы мүмкін).
Сондай-ақ мамандар тұрғындарды үлкен ағаштардың астында тұрмауға, әсіресе терек ағашын ықтамауды, олардың астына көлік қоймауға кеңес береді. Себебі ағаш құлайды немесе бұталары сынып, қауіп төндіреді. Шіріген, көп жыл тұрған талдардан да алшақ жүру қажеттігін ескертеді.
ТЖД мамандары төтенше жағдай туындаса, "112" телефонына қоңырау шалып, жедел қызметке хабарласуды сұрайды.