06 ақпан 2015 | 12:17

Астана тұрғындарының ең көп тараған шағымдары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындары қаланы абаттандыру жұмыстарына, көлік және коммуналдық шаруашылығына жиі шағымданады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының аналитигі Руслан Киіков айтып берді. Оның мәліметінше, 2013 жылдан бері қала әкімдігінің сайтына Астана тұрғындарынан 3 мыңнан аса шағым келіп түскен, олардың 27 пайызы - абаттандыруға, 20 пайызы - көлік пен автожолға және 19 пайызы коммуналдық шаруашылыққа байланысты.

Иконка комментария блок соц сети

Айта кетейік, шағымдар тек фактты растайтын фотоматериал болғанда ғана қабылданады. Осыдан кейін ол өңделіп, әкімдіктің тиісті департаменттері мәселені шешуге кіріседі. "Абаттандыруға қатысты тұрғындар қардың тазаланбағанына емес аулаларда жарық пен балалар ойнайтын алаңның жоқтығына жиі шағымданады. Ал "көлік пен жол" санаты бойынша қоғамдық көліктердің жұмысына, жолдың нашар жағдайына, рұқсат етілмеген жерге көлік қоюға, жолдағы таңбалар мен белгілердің жоқтығына шағымданады. "Коммуналдық шаруашылық" санаты бойынша қоқыстың тазаланбауына, орталық жылу жүйесіндегі проблемалар мен аварияларға, сумен жабдықтау және санитарлық жағдай, ашық канализация құдықтарына қатысты шағымдар жиі түседі", - деді Киіков.

Сарапшының сөзіне қарағанда, астаналықтар бұдан өзге мынадай проблемалар бойынша да жиі шағымданады: құқықтық тәртіп (8 пайыз), көше қозғалысын нашар ұйымдастыру (6 пайыз) және баспана сапасы (5 пайыз). Киіковтің мәліметінше, шағымдардың жалпы санының 86 пайызы (2854) орындалды, 9 пайызынан (291) бас тартылды, ал 13 арыздың уақыты өтіп кеткен, 94-і қаралып жатыр, тағы 79-ына "орындалады" деген жауап берілді. Аналитиктің ойынша, бұл - өте пайдалы қызмет, бірақ оны жақсарту қажет. "Проблеманың маңызын арттыру үшін және сол проблемаларды іздестірудің жолдарын жеңілдедіп, қажетті статистиканы алу үшін санат бойынша шағым берудің "сүзгішін" Астана тұрғындарына меңгертіп, шағымдарды "қолдау" мүмкіндігін беру керек (петиция)", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети