Астана тұрғындарының саны 900 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Астана тұрғындарының саны 900 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Әкімдіктің мәліметтеріне қарағанда, Астана халқының саны 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 861 968 адамға жетті, соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 380 856, "Есіл" ауданы - 131 449, "Сарыарқа" ауданы бойынша 349 663 адамға жетті.
"Жыл басымен салыстырғанда Астана халқының жалпы саны 9 086 адамға көбейді. 2015 жылғы қаңтар-мамырда Астана бойынша тұтастай алғанда 10 128 сәбидің туылғаны тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға көп", - дейді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар-мамырда АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайызға, ажырасулар санының 10,3 пайызға өскені белгілі болып отыр.