Астана тұрғыны 270 миллион теңге тұратын көлікті алдап несиеге алғызған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны 270 миллион теңге тұратын көлікті алдап несиеге алғызған Фото:depositphotos.com

Астанада өзін ауқатты кәсіпкер ретінде көрсетіп, 270 миллион теңге болатын автокөлікті несиеге алып, алаяқтық жасаған ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өзін ауқатты кәсіпкер ретінде көрсетіп, 270 миллион теңге болатын автокөлікті несиеге алып, алаяқтық жасаған ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірген.

"Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсады. Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети