Астана тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін жазаланды Тengrinews.kz мұрағатынан

Астана тұрғыны Facebook желісіндегі жарияланымы үшін өтемақы төлеуге міндеттелді. Ол өз хабарламасында Астананың өзге бір тұрғынын "көлігін қасақана қоюшы" деп атаған, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны Facebook желісіндегі жарияланымы үшін өтемақы төлеуге міндеттелді. Ол өз хабарламасында Астананың өзге бір тұрғынын "көлігін қасақана қоюшы" деп атаған, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы маусымда азамат К. Mercedes маркалы автокөлігімен кетіп бара жатып, алдағы көлікпен арадағы қашықтықты сақтамай, Б. деген азаматқа тиесілі KIA көлігіне соғылған. "Жол-көлік оқиғасы үшін азамат К. ӘҚБК 611-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

2017 жылы қыркүйекте азамат К. Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялап, Б. деген азаматты "көлігін қасақана қоюшы" деп атаған. Ол өз кезегінде Алматы аудандық сотына арыз жазып, намысы мен абыройын қорғауды және моральдық тұрғыдағы зиянды өндіріп беруді талап еткен.

"Арызданушының ар-намысы мен абыройына кір келтіргені үшін, моральдық тұрғыда залал келтіргені үшін өтемақы өндіріліп алынды. Сонымен қатар, сот жауаптыны Facebook желісіндегі парақшасында жарияланымды жоққа шығаруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети