Астана қаласының тұрғыны Facebook желісінде өз жазбаларын жоққа шығаруға міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының тұрғыны Facebook желісінде өз жазбаларын жоққа шығаруға міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қалалық соты қыздың Facebook желісінде елордалық тұрғынның 5-6 жасар балаға зорлық мәндегі әрекеті жайлы бірнеше рет хабарлама жариялағанын анықтады.
"Сондай-ақ, хабарлама жазған әйел сол тұрғынға қатысты полицияға да өтініш жазған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында сот-медициналық сараптама жүргізілді. Елордалық тұрғынға қатысты қылмыстық іс оның кінәлі болмауына байланысты тоқтатылды. Нәтижесінде желідегі расталмаған мәліметтерге байланысты ер адамның беделіне нұқсан келді", - деді соттағылар.
Астананың Алматы аудандық соты әйелді өз атынан Facebook желісінде жариялаған мәліметтерді теріске шығарытыны жайлы мәлімдеме жазуға міндеттеді. Сонымен қатар, сот ер адамға моральдық шығынды өтеу туралы шешім шығарды. Өтемақының көлемі - 200 мың теңге.