08 тамыз 2024 | 12:06

Астана тұрғыны криптовалюта операциялары үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі көлемде кіріс алуға қатысты заңсыз кәсіпкерлік бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі көлемде кіріс алуға қатысты заңсыз кәсіпкерлік бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот астаналық 2022 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың ақпаны аралығында айырбастау пунктінің айналым қызметінде пайдаланған 615 миллион теңгеге баламалы сомаға криптовалюта сатып алғанын анықтады. Бұл ретте оның АХҚО-да цифрлық активтер саласында қаржылық қызметтер көрсетуге лицензиясы болмаған.

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді қолма-қол ақшаға айырбастау арқылы ол ірі пайда тапқан.

"Сотта прокурор айыпты қолдап, мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні ішінара мойындады. Қорғаушы тарап оны қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады", - делінген сот хабарламасында.

Сот сотталушының жас балалары (яғни, 14 жасқа дейінгі балалары) бар екенін ескеріп, мүлкін тәркілеумен 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған алдағы 5 жыл ішінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Жауапкерден мемлекет кірісі ретінде заңсыз жолмен алынған барлық кіріс, яғни 615 миллион теңге, сондай-ақ осы соманың 3 пайызы көлеміндегі мемлекеттік баж өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети