Астана тұрғындары жер алу үшін әкімдіктің алдына тағы жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындары жер алу үшін әкімдіктің алдына тағы жиналды © Tengrinews.kz

Астана тұрғындары "Сарыарқа" ауданындағы әкімдіктің алдына тағы жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Азаматтар жеке тұрғын үй құрылысына жер алуға құжат тапсыру үшін кезекке тұрды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындары "Сарыарқа" ауданындағы әкімдіктің алдына тағы жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Азаматтар жеке тұрғын үй құрылысына жер алуға құжат тапсыру үшін кезекке тұрды.

Бұған дейін елорда әкімдігінің қызметкерлері Астанада жеке тұрғын үй құрылысына жақын арада жер берілмейтінін мәлімдеген еді.

"Халық ақпаратты дұрыс түсінбей, өтініш тастап жатыр. Өтінішті қабылдап жатырмыз, себебі заң бойынша оны қабылдамауға болмайды. Оларды арнайы кезекке қойдық, халықпен жұмыс істеп жатырмыз, жағдай бақылауға алынды", - деді брифинг барысында Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркенов.

Өтініш берушілердің көптігіне байланысты әкімдіктің алдына қоршау қойылды.

"Мен мұндай жер кезегіне жазылу үшін келдім. 07.15-те келсем де, тізімде бес жүзінші болдым. Кезек дұрыс ұйымдастырылған", - деді елорда тұрғыны Салтанат Бұзапарова.

Елордада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін 15 мың адамға беру жоспарланған. Дегенмен кезекте тұрғандар қазірдің өзінде 103 мыңнан асып кетіпті.

Тілшілер Төлеуғазы Нұркеновтен халыққа Астанадан жердің берілмейтінін неге айта салмайтыны суралы сұраған еді.

"Сіздер сенбейсіздер, мен бұл жөнінде мың рет айттым. Олар бұл жөнінде естігісі де келмейді. (...) Біз бұл туралы айтып та, жазып та жатырмыз. Ешкім елегісі келмейді", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети