WAF - 2017 Дүниежүзілік сәулет фестивалі финалға шыққан нысандардың тізімін жариялады. Шорт-парақшада 400-ден аса нысан бар, олардың ішінде таяуда ғана пайдалануға берілген Астана вокзалы бар, - деп хабарлайды "Крыша".
WAF - 2017 Дүниежүзілік сәулет фестивалі финалға шыққан нысандардың тізімін жариялады. Шорт-парақшада 400-ден аса нысан бар, олардың ішінде таяуда ғана пайдалануға берілген Астана вокзалы бар, - деп хабарлайды "Крыша".
Қатысушы жүзеге асырылған 13 жобаның ішінде "Көлік" аталымы бойынша ұсынылған. Конкурс шарттары бойынша, жоба авторлары - Tabanlioglu сәулет бюросы қатаң іріктеуден өткен және осы күзде Берлинде өз жобасын ұсынады.
Қазылар алқасы жеңімпазды 15-17 қараша аралығында өтетін фестивальде жариялайды. Шара жыл сайын өтеді және биыл он жылдық мерейтойын атап өтіп отыр. Бұл жолы ұйымдастырушылардың мыңнан аса өтінім қабылдағаны айтылады.
Басылым өкілдерінің мәліметінше, WAF сәулет Оскары аталып кеткен. Шарада түрлі аталым бойынша үздік нысандардың отыздығын таңдап, "Жыл ғимараты" деген басты атағын береді. Жеңімпаздар мен финалистер әлемге танылып, көптеген преференцияға ие болады.
© akorda.kz
Биыл мамыр айында Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық нысанды аралап көру барысында ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз сөйлеген еді. "Санаулы күндерден соң "ЭКСПО-2017" көрмесі ашылады. Осыған орай бүгін елорданың жаңа нысандарын аралап көрдім. Бұл жаңа құрылыстар - Астананың мақтанышы. Бүкіл Еуропа мен Азияны түгелге жуық қамтитын жаңа әуе бағдарлары пайда болуда. Жаңа нысандар бас қаламыздың жаңа келбетін айшықтайды. "Нұрлы жол" вокзалы - бірегей нысан, посткеңестік кеңістікте мұндай вокзал жоқ", - деген еді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.
© Tengrinews.kz
Еске салайық, Астанадағы жаңа вокзалдың құрылысы 2014 жылы басталып, 2017 жылдың мамырында, халықаралық көрме қарсаңында аяқталған еді. Нысанға "Нұрлы жол" деген атау берілді. Вокзал Алматы ауданындағы Мұстафин көшесінде орналасқан.
© Tengrinews.kz
Вокзал кешені - жалпы алаңы 126 мың шаршы метр болатын алты деңгейлі ғимарат. Оған пойыздарды қабылдап-жөнелтетін алты жол жалғасады. Жолаушыларды пойызға отырғызу мен түсіру үшінші қабат арқылы жүргізіледі. Вокзал жолаушылар ағынын, адамдар кезегін, қауіпсіздікті, билетті электрондық тәсілмен сату ісін басқару мен бақылаудың заманауи озық интеллектуалдық жүйелерімен жабдықталған.