Астана вокзалындағы төтенше жағдайдан кейін бірінші жол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана вокзалындағы төтенше жағдайдан кейін бірінші жол жабылды

Астана вокзалының бірінші жолы перрон бастырманың опырылуына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана вокзалының бірінші жолы перрон бастырманың опырылуына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Болған оқиға вокзал жұмысына айтарлықтай бөгет болмады. Қазір бірінші жол жабық тұр. Жолаушылар 2-ші және 3-ші жолдар арқылы пойызға мініп жатыр. 1990 жылы салынған", - деп мәлімдеді вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.

Оның сөзінше, перрон бастырмасы "Астана-Лениногорск" пойызы жүргелі тұрғанда құлаған.

"Комиссия тағайындалды, олар осында. ҚТЖ құрылымдық бөлім жетекшілері құрамынан", - деп айта кетті ол.

Еске салайық, Астана вокзалында жолаушылар пойызының үстіне конструкция құлаған болатын. "Бастырма құлады. (...) Вагонға түсті. "Астана-Лениногорск" пойызы бірінші жолда тұрған", - деп хабарлаған еді куәгер. Кейін "Қазақстан теміржолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі шатырдың құлау себебін түсіндірген еді.

Айта кетейік, ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің мәліметінше, Астанада 25 қаңтарда, 26 қаңтарда түнде дауыл тұратыны хабарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети