Астана халқы Президенттің жаңажылдық құттықтауын көшедегі экрандардан көре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана халқы Президенттің жаңажылдық құттықтауын көшедегі экрандардан көре алады © Astana.gov.kz

31 желтоқсан күні Астанадағы "Хан Шатыр" маңындағы мұз қалашығында және елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда 2016 жылды қарсы алуға арналған мерекелік шаралар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 желтоқсан күні Астанадағы "Хан Шатыр" маңындағы мұз қалашығында және елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда 2016 жылды қарсы алуға арналған мерекелік шаралар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 22.00 - 03.00 аралығында қала тұрғындары мен қонақтары Жаңа жылды Аяз атамен және Ақша қармен бірге қарсы ала алады. Жаңа жыл түні қалалық Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің, "Аламан" триосы, "Ринго" тобы, Алмас Кішкенбаев, Досымжан Таңатаров, Дос, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтар, Сарын" тобы және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады", - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, сағат 23.55 алаңдарда орнатылған LED-экрандардан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауы көрсетіледі. "Елорда тұрғындары мен қонақтары Жаңа 2016 жылдың басталуының белгісі - отшашуды тамашалайды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. Айта кетейік, мерекелік отшашу Есіл өзенінің жағасында, "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы маңында болады. Салтанат көңілді байқаулармен, ойындармен және мерекелік би кешімен жалғасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети