19 қаңтар 2017 | 10:37

"Астана-Защита" бағытымен қатынайтын жүрдек пойызға "Абай жолы" атауы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі © "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

"Астана-Защита" бағытымен қатынайтын жүрдек пойызға "Абай жолы" атауы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Астана-Защита" бағытымен қатынайтын жүрдек пойызға "Абай жолы" атауы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешімге Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы зиялы қауымы өкілдерінің ұсынысы негіз болғаны айтылады. "Биыл Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне 120 жыл толады. Бұл - ұлы жазушының әдеби мұрасын насихаттаудағы нақты қадам. Біздің ұсынысымызға қолдау білдірген ұлттық тасымалдаушы компания басшылығына алғыс айтамыз", - Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік мұражай-қорының директоры Болат Жүнісбеков.

 №67/68 "Астана-Защита" жүрдек жолаушылар пойызы отандық "Тұлпар-Тальго" вагондарымен жасақталған және күн сайын жүреді. Жолдағы уақыты - 16 сағат 30 минут.

Айта кетейік, қазіргі кезде республикалық және мемлекатаралық бағыттар бойынша "Алатау", "Акжайык", "Жетісу", "Сарайшық", "Ақсұңқар" атаулы пойыздар қатынайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети