"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.
Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілетін теріс пайдаланғаны үшін күдікті", - делінген хабарламада.
Соттың санкциясы бойынша, күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!