Астанада 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі жарияланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Өзгерістер қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты екені айтылды.

"Осыған сәйкес, 15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады, Астана әкімдігінің қызметі – 7:30, кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар – 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертіледі", - делінген хабарламада.

Жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді. Айта кетейік, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.

Бұл шаралар негізгі магистральдардағы таңғы және кешкі сағаттардағы көлік ағынын азайтуға бағытталған.

"Сонымен қатар, жол қозғалысын қиындататын автокөліктердің тұрақ ережесін бұзуы қатаң бақылауға алынады: құқықбұзушылардың автокөліктері айып тұрағына эвакуацияланады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети