Астанада 16 жастағы қыз зорланып, өлтірілген: күдіктілер қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 16 жастағы қыз зорланып, өлтірілген: күдіктілер қамауға алынды Фото:depositphotos.com

Астанада жасөспірімдер 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Істің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жасөспірімдер 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Істің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёхадан күдіктілерге қатысты ақпаратты сұрады. Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша екі адам қамауға алынған.

"Екі адам қамауға алынды. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын", – деп қысқа жауап берді ол.

Қылмыстық істерді тергеу барысында мәліметтер сирек жарияланады. Құқық қорғау органдары әдетте ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға болмайтынын ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада жасөспірім қыздың зорланып, өлтірілгені туралы хабарлаған болатын. Оның айтуынша, 18 қарашада 16 жастағы жасөспірімдер тобы ішімдік ішіп, кейін 16 жастағы қызды қатыгездікпен зорлап, өлтірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети