06 мамыр 2015 | 13:29

Астанада 2017 жылға дейін 228 үй бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі © Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 2017 жылға дейін 228 үй бұзылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 2017 жылға дейін 228 үй бұзылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласында пилоттық жоба аясында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары қолға алынды. Апатты жағдайдағы үйлерде тұратын отбасылар жаңа пәтермен қамтылып жатыр. Биыл 1558 отбасын жаңа пәтермен қамту көзделген.

Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютовтың айтуынша, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша 2013 жылдан бері жалпы ауданы 92 мың текше метрлік 1502 пәтерге есептелген 6 тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал 2015 жылы жалпы ауданы 123 мың текше метрлік 2247 пәтерге арналған тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Айта кетейік, пилоттық жоба аясында 2015-2016 жылдары тапсырылатын жалпы ауданы 214 мың текше метрлік 3824 пәтерге арналған 5 тұрғын үйдің құрылысы жалғасып жатыр. 

"Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметовтың айтуынша, 2014 жылы апатты жағдайдағы 11 үйден 176 отбасы көшірілсе, биыл 114 ескі үйден 1558 отбасы көшірілетін болады. Жоба 2017 жылға дейін жүзеге асырылады және апатты жағдайдағы 228 үй бұзылады деп күтілуде", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети