Елордада айналма жол салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Ұзындығы 36 шақырым кіші айналма жолдың құрылысы 2017-2019 жылдары аяқталады.
Елордада айналма жол салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Ұзындығы 36 шақырым кіші айналма жолдың құрылысы 2017-2019 жылдары аяқталады.
Әкімдіктің мәліметінше, кіші айналма жолдың құрылысы барысында 22,8 шақырым жол салынып, Бейсекова көшесінің Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігін салу аяқталып қалды. Бейсекова көшесінің Қорғалжын тас жолынан Тілендиев даңғылына, № 14 көшеге дейінгі бөлігінде тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.
"Кіші айналма жолды салу үшін Бейсекова көшесінің Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейінгі бөлігіндегі жер учаскесі босатылады, сондай-ақ, Сарайшық көшесінде инженерлік желілер тартылып жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде Угольный көшесінде Бөгенбай батыр даңғылынан Бейсекова көшесіне дейінгі және Бейсекова көшесінде Угольный көшесінен Конституция көшесіне дейінгі жол бөліктерін, соның ішінде екі көлік орамын және теміржол арқылы бір жол өтпесін салу жобалары әзірленіп жатыр.
Астана қаласының түзетілген бас жоспарына сәйкес кіші айналма жолдың шекарасына № 27 (Хусейн Бен Талал) көшенің құрылысы да жатады. Бүгінде № 27 көшенің № 39 көшеден Қалдаяқов көшесіне дейінгі бөлігі жобалану үстінде.