Астанада 2030 жылға дейін 30 көпір салынады деп уәде берілді. Бұл туралы "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында айтылады.
Астанада 2030 жылға дейін 30 көпір салынады деп уәде берілді. Бұл туралы "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында айтылады.
"Астана қаласының 2030 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, қаладағы 17 көпірден басқа тағы 30 көпір салу жоспарланып отыр", - деп хабарлады басқармадағылар.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде Тәшенов көшесінен сол жақ жағалауға қарай Есіл өзенінен өтетін көпір салынады деген хабар тараған болатын.
"Астананың 2030 жылға дейінгі бас даму жоспарында, сонымен қатар Ж.Тәшенов, Асан Қайғы, А.Тоқпанов, Б. Момышұлы мен Есіл өзенінің жобасын жоспарлауда Космонавтов (Қорғалжын тас жолының жалғасы) көшесінен Тәшенов арқылы Есіл өзеніне өтетін көпір салу жоспарланған", - делінген басқарма өкілдерінің берген жауабында.
Сонымен қатар, 2016-2017 жылдары "Астанагенплан" ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС өкілдерінің Есіл өзенінің жетілдіру концепсиясын жасаған сызбасында Есіл өзенінен өтетін велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған алты көпір салу қарастырылғаны айтылады. Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мына аумақтарда салынуы мүмкін:
1) Республика даңғылының бойында Сейфуллин көшесі мен Абай даңғылының аралығында;
2) Тәшенов көшесінің бойында Тәуелсіздік даңғылы мен Шалқым даңғылы аралығында;
3) Тұран даңғылының бойында, Қорғалжын тас жолынан солтүстікке қарай, Сығанақ пен № 23 көшелерінің аралығында;
4) сулы-жасыл желек жолында;
5) Б. Момышұлы даңғылы бойымен Қ.Сәтбаев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы аралығында.