Нұр-Сұлтанда автобустар 3 тамыздан бастап жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда автобустар 3 тамыздан бастап жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
"Карантин кезеңіндегі қоғамдық көлік жұмысының дайындық барысымен таныстым. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады. Жолға тек қаланың ішінде жүретін бағыттар шығады. Ал қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын маршруттар әзірге шықпайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді", - дейді әкім.
Көлгінов маскасыз қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынатынын айтты. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті рейдтер өткізіп, жүргізушілердің де, жолаушылардың да маска режимін сақтауын тексереді. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз жіберуге қатаң тыйым салынады.
Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
"Пандемия кезінде біздің жүргізушілер медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасымалдады. Жүргізушілер коронавируспен күресуге айтарлықтай үлес қосып жатыр.
Бүгін оларды келе жатқан көлік қызметкерлері күнімен құттықтадым. Олардың еңбегінің арқасында қала тұрғындарының жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Автопаркті жақсартуға ерекше назар аударамыз: 100 электроавтобус сатып алынды, қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа бағыттар ашылды", - деді Көлгінов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!