Астанада 30 шілдеден бастап электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.
Астанада 30 шілдеден бастап электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде жеңілдікті және оқушыларға арналған көлік карталары тегін таратылып жатыр. 30 шілдеде Astra Plat электронды жүйесін іске қосу жоспарланған. "Астана LRT" ЖШС төлем жүйелері орталығының мәліметінше, бүгінде 44 мыңнан артық жеңілдікті және 68 мыңнан астам оқушыларға арналған көлік картасы берілді. Электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілетін кезеңде 1 маусым - 31 тамыз аралығында 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүреді. Бұл үшін әр бала автобуста атаулы көлік картасын немесе оқу орнынан берілген анықтаманы (фотосуреті бар) көрсетуге тиіс.
Қолданыстағы заңнаманың талабына сәйкес қала маңындағы автобустарда жол жүру барлық азаматтар, соның ішінде азаматтардың жеңілдікті санатына жататындар үшін де ақылы болып табылады. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар үшін жолақының 50 пайызы төленеді.
Қала маңына қатынайтын жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін көлік аймақтарына бөлінген тарифтік желі енгізіледі. Мұндай унификация тарифтер түрін 25-тен 5-ке дейін қысқартуға, сондай-ақ елді мекендер үшін жолақы құнын 97 пайызға, орта есеппен 44,5 теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көлік карталарын сату мен толықтыру желілерін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала маңындағы ауылдардың тұрғындары көлік карталарын автобус салонында тікелей жүргізушіден сатып алып, толықтыра алады. Көлік картасы болмаған жағдайда, жолаушы жолақысын жүргізушіге немесе кондукторға қолма-қол ақшамен төлеп, белгіленген үлгідегі (QR-кодпен) бір реттік қағаз билет алуға құқылы.
Атаулы көлік карталарын пайдаланатын жолаушылар басқа да артықшылықтарға ие. Олар қала маңына қатынайтын автобустардан қалалық және экспресс маршруттарға тегін ауысып отыра алады. Бұл ретте жолаушы қала маңына қатынайтын автобустан шыға берісте көлік картасын терминалға қоюы керек. Содан кейін кейін 60 минуттың ішінде экспресс маршрутқа немесе қалалық автобусқа отырады.
Заңнама талаптарына сәйкес, тегін жол жүру құқығы Астана қаласында тұратын азаматтардың жеңілдікті санатына жататын тұлғаларға беріледі. Алайда, бүгінде аталған жеңілдіктерді барша республикамыздың халқы пайдаланып жүр. Заңнамамен сәйкестендіру үшін Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласының маңындағы елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың жеңілдікті санатына жататын тұлғалардың жол жүруін қаржыландыру мәселесін қарауы керек.
Сонымен қатар, елордалық қоғамдық көлік маршруттарының өзгеретіні хабарланып отыр. Заңнама талаптарына сәйкес, 2016 жылғы 30 шілдеден бастап қаланың маршруттық желісіне сәйкестендіру үшін № 27, 43, 45 бағдарлар қозғалысын тоқтатады. Бұл ретте аталған бағыттар бойынша қала маңына қатынайтын № 303, 304, 305, 306, 307 маршруттардың қозғалыс жиілігі артады.
Сонымен қатар, 11 маусымнан бастап № 37, 39, 53 жаңа қалалық маршруттары іске қосылды, олардың қала ішіндегі қозғалысы № 27, 43, 45 автобустардың кестесіне толығымен сай келеді.
Мұнымен қоса, үстіміздегі жылдың 30 шілдеден бастап № 35, 38, 105 автобустардың қозғалыс сызбасы қаланың әкімшілік шекарасымен шектелетін болады.
№ 37 маршрут теміржол вокзалынан Ғарыш орталығына дейін жүреді. Есенберлин, Молдағұлова көшелері, Республика, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарын қамтиды.
№ 39 маршрут "Астана инерт" аялдамасынан басталады, Оқжетпес, Күләш Бәйсейтіова көшелерімен, Тілендиев, Бөгенбай батыр даңғылдарымен және Алаш тасжолымен жүреді. Маршруттың соңғы аялдамасы - "Шарын" базары.
№ 53 маршрут қозғалысын "Шарын" базарынан бастап, "Клиникалық-оңалту кешеніне" дейін жүреді, Алаш тасжолы, Бөгенбай батыр, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарын, сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов пен Орынбор көшелерін қамтиды.
Айта кетейік, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 1-ші және 2-ші тармақшалары бойынша жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қалалық (ауылдық) - елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау, қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;