08 мамыр 2014 | 15:05

Астанада 3000-нан астам Георгий лентасы таратылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Astana.gov.kz ©Astana.gov.kz

Астанада Жеңіс күніне орай 3000-нан астам Георгий лентасы мен белгі таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Жеңіс күніне орай 3000-нан астам Георгий лентасы мен белгі таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында елордада ардагерлердің қатысуымен көптеген патриоттық шара өтіп жатыр. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сұрапыл соғыс жылдары еске алынды, Жеңіс тойы тойланды. Елордалық жастар да қалыс қалмай, Георгий ленталары мен белгілер таратып, "Мен батырлар ұрпағымын" атты жыл сайынғы акцияны ұйымдастырды.

"Жыл сайын Астана қаласының әкімдігі Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік ленталар таратады. Биыл олар Қазақстанның нышанымен ерекше жасалды, Жеңіс орденінің символы мен қазақстандық ою-өрнектер салынды, Тудың түсіндей көгілдір. Ленталар таратудың мақсаты - жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, жеңістің құндылығын түсіндіру және өткенді құрметтеу", - деді ұйымдастырушылар Аstana.kz сайтына берген сұхбатында.

Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына 3000-нан астам мерекелік лента таратылды. Бәрі де қуанып, бірден тағып алды. "Өте жақсы акция, ол осынау атаулы күнді еске салады. Бұл - керемет, әрине біздің ұрпағымыз ұмытқан жоқ, ал жастарға жеткізу керек. Барлық елорда тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтаймын, баршаңызға жақсылық пен бақыт, денсаулық тілеймін", - деді Астана қаласының тұрғыны Галина Красникова. Айта кетейік, акция жастарға жеңіске жетер жолдағы қиындықтар мен оны бағалау керек екендігін тағы да бір мәрте еске салып өтуге бағытталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети