Астанада осы жұма күні 33 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.
Астанада осы жұма күні 33 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 21 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады. "Түнде және таңертең бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал сынап бағанасы түнде -13...-15 градусқа дейін төмендейді", - делінген елорданың сайтында.
22 желтоқсанда да осындай ауа райы сақталады, күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -22-24 градус болса, күндіз -12-14 градус болады.
23 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады,қар жауады, бұрқасын тұрады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -31-33 градус, ал күндіз -21-23 градусқа дейін барады.
Елорда әкімдігіндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен тәулікте 20-21 желтоқсанда қала бойынша 2 093 арнайы техника жұмыс істеді. Қаланы қар мен мұздан санитарлық тазартуға 2 524 жол жұмыскері тартылған.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің күшеюіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты халықаралық тасжолдар мен республикалық маңыздағы магистральдарда енгізілген шектеу сақталуда.