Астанада 4 миллиард теңге көлеміндегі алаяқтық әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 4 миллиард теңге көлеміндегі алаяқтық әшкере болды Фото:depositphotos.com

Астанада заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен үлестік құрылысқа азаматтардан қаражатты заңсыз тарту дерегі бойынша тергеу аяқталды.

"400-ден астам отбасының мүддесіне 4,6 миллиард теңге көлемінде аса ірі залал келтірген бір топ адамдарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Алынған қаражат мақсатсыз жұмсалып, нысандардың құрылысы мүлде жүргізілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети