Астанада 40 тұрғын үй құрылысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура хабарламасына сілтеме жасап.
Астанада 40 тұрғын үй құрылысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура хабарламасына сілтеме жасап.
Бас Прокурор Берік Асылов 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысын өткізді.
"Мәселен, елордада прокурорлардың араласуынан кейін қала құрылысы шешімдері жойылып, рекреациялық аймақтарда 40 тұрғын үй құрылысының салынуына жол берілмеді, ұзақмерзімді құрылыстар саны екі есеге қысқарды. Елімізде құрылыс салушылардан бұрын 150 саябақ, 27 балабақша, 30 мектеп пен емхананы салуға арналған жер учаскелері қайтарылды", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде мемлекетке 1 миллион гектардан астам, игерілмеген және заңсыз берілген учаскелер 34 миллирад теңгеге қайтарылған жерлерді нысаналы пайдалануды тексеру жалғастырылды. Жайылым тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллионға дейін қысқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!