"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада 5 желтоқсанда күн бұлтты болады. Түнде тұман түсіп, шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -12...-14 °C, күндіз -8...-10 °C.
6 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -19...-21 °С, күндіз -14...-16 °С көрсетеді.
Жұма, 7 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынды болады. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22...-24 °C, күндіз -17...-19 °C болады.