Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған Фото:gov.kz

Астанада 7 жасар шөбересіне жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 7 жасар шөбересіне жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Сот 82 жастағы ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырған.

Тергеу мен сот отырысы кезінде куәгерлердің жауабы, генетикалық зерттеулер айғақ ретінде ұсынылған.

Телеарна мәліметінше, оқиға кәмелетке толмаған қыздың туған күнін тойлау кезінде болған. Үйге жиналған туған-туыстары қарт кісіні қылмыс үстінде ұстаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.11  course up  594.59  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети